Әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық артқан. Пандемияға дейін де бар проблема қазір тіпті өткір. Себебі зорлық көрген адам карантин жағдайында қайда қашып кетеді? Дамыған елдерде қонақүйлер мен хостелдерге ақша бөліп, барар жері жоқ зәбір көрушілерді орналастырып жатқанын оқыдық. Мысалы, Францияда.
Әйелдерге көмектесетін біздегі дағдарыс орталықтарымен хабарласқанбыз. Ішіміз сезіп тұрса да, шошып кеттік.
Ақерке БЕКТАС