Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

12.04.2020

Апта соңында Президент Қ.Тоқаев төтенше жағдай режимі, карантиннің кем дегенде сәуірдің аяғына дейін созылатынын хабарлады. Бұл әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына қатысты. Солай болатынына күмән жоқ та еді.

Себебі біреу – Covid-19 вирусының таралуы шарықтау шегіне жеткен жоқ. Кез келген нәрсенің, оның ішінде эпидемияның кульминациясына жетпей қайтпайтыны мәлім. Және ең жаманы, вирусты жоқ қылатын вакцина әзірге жоқ. Әркімнің организмінің ерекшелігіне, иммундық жүйесінің қаншалықты мықты екеніне байланысты болып тұр.

Мемлекет басшысы цифрландыру бағдарламасын қайта қарау, IT, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларын реформалау туралы айтты. Бұл бір күнде бүкіл халықтың көзі жеткен, әлеуметтік желілерде жүйкесі шыдамай айғайға басқан немесе иронияға толы талай жазба туғызған, «Апта» тілшілері қал-қадірінше көтерген мәселелер.



Хабарламаларға жазылу