Министр 42 500 теңге екінші айға қалай төленетінін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр 42 500 теңге екінші айға қалай төленетінін түсіндірді

13.04.2020
Министр 42 500 теңге екінші айға қалай төленетінін түсіндірді

Төтеше жағдай мерзімі созылса, келесі айға әлеуметтік төлем автоматты түрде беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек министрі осылай деді.

«Жұрт «Төтенше жағдай созылды, екінші айға әлеуметтік төлем төлене ме және оған тағы өтініш береміз бе? деп сұрап жатыр. Жоқ. Сізге бір рет тағайындалып, төленсе болды. Екінші рет өтініш беру қажет емес. Сіз тіркелдіңіз, төлем бердік. Сізді білеміз, танимыз. Төтенше жағдай мерзімі созылса, келесі айына сізге айтпастан төлей береміз», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу