Түркияда бүгіннен бастап қоғамдық көлікке маскасыз мінген адамға айыппұл салынатын болды. Бетперде кимеген адамды отырғызған көлік жүргізушісі де айып төлейді. Өткен аптадан бастап ел азаматтарының барлығына маска тегін таратыла бастаған соң, үкімет осындай қадамға барып отыр. Сондай-ақ, өткен сенбі-жексенбіде елде екі күндік комендаттық сағат жарияланды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, комендаттық сағат тәртібін бұзған 24 мың 88 адамға айыппұл салынды. Ал Түркия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр. Науқастар саны елу алты мың тоғыз жүз елу алтыға жетіп, қаза тапқандар мың бір жүз тоқсан сегіз болды.
Айдос ӘШІМҰЛЫ