Қытай билігі COVID-19 індетіне қарсы активтелген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Ол клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина болмақ.
Вакцинаны тиісті сынақтардан өткізуге лицензияны Ухань биологиялық препараттарды зерттеу институты мен Бейжіңдегі Sinovac R&D ғылыми-зерттеу компаниясы берген.
Қазір Қытайда вакциналар бес бағыт бойынша әзірлену үстінде: нуклеин қышқылдары негізіндегі ген-инженерлік вакцина, инактивтелген вакцина, қайта ұйымдастырылған ақуыздар негізіндегі вакцина, рекомбинантты аденовирустық вектор негізіндегі вакцина және тұмауға қарсы тірі вакцина.
Бұған дейін жаңа типтегі коронавирусқа қарсы рекомбинатты аденовирустық вектор негізіндегі вакцинаны клиникалық зерттеу үшін тиісті рұқсатты ҚХР Әскери-медициналық академиясы алған.
inform.kz