Италиялық әнші Андреа Бочелли Милан шіркеуінде онлайн-концерт берді. Концерттің YouTubе-тегі толық нұсқасы екі тәулік ішнде 32 млн қаралым жинап үлгерді.
Милан шіркеуі пандемия уақытында жабық. Алайда Италия билігі Андреа Бочелли мен органда ойнаушы Эмануэль Вианелли үшін арнайы шіркеу есігін ашты. «Бочелли: үміт музыкасы» деп аталатын шағын онлайн-концертте Бочелли бірнеше ән орындап, әлем халқына үндеу жолдады.
«Бұл күн менің есімде мәңгі қалады. Жалғыздық сезімі. Миллиондаған адамдардың дұғасымен, Жаратқанның қолдауымен бұл сынақтан өтеміз. Махаббат – үлкен сый. Махаббаты бүкіл әлемге тарату - менің басты мақсатым», - деді ол.
Дереккөз: ria