Алматыда 116 медицина қызметкері, 3 жүкті әйел коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 116 медицина қызметкері, 3 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

14.04.2020
Алматыда 116 медицина қызметкері, 3 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Алматыда 116 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Алматыда 14 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 346 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 бала, 3 жүкті әйел бар. 

«Қалада бір тәулікте 174 жаңа науқас тіркелген. Оның 58-і жергілікті науқаспен байланыста болған адамдар. Соның ішінде балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері, Медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері бар», - деді ол қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы онлайн-брифингте.

Дәл қазір инфекциялық стационарларда Covid-19-дан 295 пациент емделіп жатыр. Оның ішінде 7 адамның жағдайы – ауыр , 41 адамның (бір әйел Алматы облысынан) жай-күйі – орташа ауыр, 247 адамның жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. 

Провизорлық орталықтарда 256 адам бар, оның ішінде – 12 бала, карантиндік оқшаулауда – 366, үйдегі карантинде – 7097 пациент бар. 

«Медицина қызметкерлерінің екеуінде полисегментті пневмонияның болуына байланысты жағдайы ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық. Барлық байланыста болған адамдарға диагноздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды. Олардың ішінде ауру белгілерінсіз ағымы бар пациенттер де болуы мүмкін», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шаралар қолданылып жатыр. 

Барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді.

Хабарламаларға жазылу