«Егер бізбен кеткіңіз келмесе, үйде отырыңыз!». Тараздық жедел жәрдем қызметі дәл осындай ұранмен ерекше флэшмоб өткізді.
Жедел жәрдем көліктері дабыл сигналын қосып, қала көшелерін аралап, елді елең еткізді. Бұл әрекетімен медицина мамандары аурудың айтып келмейтінін, қоғамдағы қауіпсіздікке әр адам жауапты екенін түсіндіргісі келген. Тұрғындар үйден шықпаса, үйдей бәледен құтылатынын айтады олар. Түркістан облысында 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем бригадасы бар. Олар қауіпті індетпен күнде бетпе бет келеді. Осы күнге дейін түркістандық жедел жәрдем қызметі короновирусқа шалдыққан 32 науқасты стационарға жеткізген.
Гүлжаира ҒАЛИҚЫЗЫ