Қызылорда облысында соңғы бір тәулікте 8 жағдай анықталды. Аймақта коронавирус жұқтырғандар саны 127-ге жетті. Алаңдатын жәйт, осыған дейін қаупті вирустың құрсауына түскендердің 9-ы медицина қызметкері екені белгілі болды.
Коронавирус жұқтырғандардың бірі Жаңақорған ауданының тұрғыны бұрын науқастармен байланыста болмаған. Яғни, ол жұқпалы аурудың жаңа ошағы ретінде есепке алынып, кеселді қайдан жұқтырғанын мамандар зерделеп, анық-қанығын нақтылауда. Өкінішке орай, аймақта сырқатқа шалдыққандардың қатарында 9 медицина қызметкері бар екені белгілі болды.
Жалпы облыста 1423 адам науқастармен қатынаста болған. Оның 800-ден астамы провизорлық стационарда, 698 адам үй карантиніне оқшауландырылған.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ