Мәжілісте құрылысқа қатысты және ауылдардағы ұялы байланысты субсидиялау мәселелері қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте құрылысқа қатысты және ауылдардағы ұялы байланысты субсидиялау мәселелері қаралды

15.04.2020

Елдегі жылжымайтын мүлікке қатысты қызмет түрлері электронды форматқа көшеді. Ал жаңадан ашылған кәсіпорындарға онлайн есепшот ашу міндеттеледі. Осындай өзгерістер бизнес ахуалды жақсартуға бағытталған заң жобасында көзделіп отыр. Қаржы министрі ұсынған өзгерістер салдарынан ауылдық телефон байланысының ақысы да қымбаттап кете жаздады. Құжаттың депутаттарға ұнамай калған тұсы бұл ғана емес.  

Министр мырза тек ауылдағы халықтың қамын есінен шығарып алса керек, ауылды өркениетке жалғап тұрған жалғыз телефон байланысына бөлінетін субсидияны тоқтату ұсынып еді. Алайда, мәжіліс депутаттарының сүзгісінен өтпей қалды. Қаржы министрі құжатта кеткен қателікті мойындады. Заң жобасында құрылысқа қатысты да өзгерістер бар. Мәселен, 5 қабаттан аспайтын тұрғын үйлер, 600 оқушыға арналған мектептер мен шағын сауда ойын-сауық орталықтарын сараптамасыз салу ұсынылған. Депуттаттар мұндай тәуекелге баруға мүлдем болмайтынын ескертті.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу