Нотр-Дам өрті. Бір жылдан кейін не өзгерді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нотр-Дам өрті. Бір жылдан кейін не өзгерді?

16.04.2020
Нотр-Дам өрті. Бір жылдан кейін не өзгерді?

2019 жылдың 15 сәуірінде Франция астанасында әлемге әйгілі тарихи ғимараттардың бірі Нотр-Дам-де-Пари шіркеуі өртке оранған болатын. Бүгінде ғимараттың қайта қалпына келтіру жұмыстары тоқтап тұр. Оның бір себебі дүниежүзінде коронавирус індетінің кең таралуы салдарынан болса, екінші себебі ғалымдар шіркеудің мұнараларын дұрыс тұрғызу жолдарын шеше алмай жатыр. «Қате шешім қабылдаған жағдайда ғимарат толығымен құлап кетуі мүмкін».

Шіркеуде орналасқан тарихи құнды жәдігерлер бүгінде Лувр мен Париж мэриясында сақталған.

Франция президенті Эммануэль Макрон тарихи ғимараттың қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін билік бар күшін салтынын жеткізген болатын: «Шіркеуді міндетті түрде қайта қалпына кетіреміз. Ол бұрынғыдан да ғажайып күйде болады. Жоспар бойынша алдағы бес жылың ішінде бұл мақсатымызға жетеміз».

Дереккөз: ТАСС


Хабарламаларға жазылу