«ҚазАгро» компаниясы шаруалардың несиесін кейінге шегеру жұмысын өте баяу жүргізіп жатыр. Бұл пікір «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының онлайн конференциясында айтылды. «Атамекен» мамандарының пікірінше, шегерім беру ұзақ қаралады. Cол себепті агро өндірушілердің көпшілігінде қаржылық ахуал қиындап барады. Кәсіпкерлер палатасының дерегіне сәйкес, бірінші сәуірге дейін Қазагроға 5,5 миллиард теңгенің өтініші түскен. Дегенмен, сол уақытқа тек 100 миллион теңге болатын 58 кредитті ғана кейін шегеру мәселесі шешілді. Ал «ҚазАгро» компаниясы бұны жоққа шығарды. Олардың сөзінше, жұмыс жүйелі жүріп жатыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ