Еліміздегі төтенше жағдай және карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға төленетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны тағайындау ережелері өзгерді.
Жәрдемақы кімдерге беріледі?
- Жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларына;
- Жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін ірі кәсіпкерлік субъектілердің жұмысшыларына;
- Жеке практикамен айналысып жүрген тұлғаларға;
- ҚР Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге;
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
- Жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне.
І және ІІ тармақтар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жұмысшыларына қатысы жоқ.
Жәрдемақыны кімдер ала алмайды?
- ТЖ режимі енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған қазақстандықтар;
- БЖТ төлеген, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспағандар;
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс тауып, ТЖ режиміне дейін зейнетақы қорына ақша салмаған жеке тұлғалар;
- Екі жұмыста қатар істеген, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысқан қазақстандықтар қазір қашықтан бір жұмысын істеп жүрсе;
- ТЖ режимі енгізілгеннен кейін бірінші рет БЖТ төлегендер, егер олар зейнетақы немесе әлеуметтік жәрдемақы алатын болса;
- Шетелге көшуіне байланысты тіркеуден алынғандар.