Елордалықтар COVID-19-ға тегін тест тапсыру үшін не істеуі керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар COVID-19-ға тегін тест тапсыру үшін не істеуі керек?

17.04.2020
Елордалықтар COVID-19-ға тегін тест тапсыру үшін не істеуі керек?

Елорда тұрғындары COVID-19-ға тегін тест тапсыру үшін қажетті өтінімді «Smart Astana» қосымшасы арқылы толтыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram-да жазды.

Ол үшін:

1. www.cdl.kz сайтында немесе «Smart Astana» мобильді қосымшасының «Медицина» бөлімінде сауалнаманы толтырыңыз;

2. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары азаматтарды белгілі бір көрсеткіштер бойынша іріктейді; Бекітілген тізім «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасына жіберіледі;

3. Өтінімнің расталғанын күтіңіз;

4. «Олимп» КДЗ операторлары сізге қоңырау шалып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтады; 

Сараптама жасалатын зертханаға міндетті түрде медициналық маска киіп, жеке куәлікті ала келу керек. 

Тексеріс қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады.


Хабарламаларға жазылу