Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген 24 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті Жылыой ауданының №22 орта мектебінің бас есепшісі болып шықты.
Ол ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.