Коронавирус әлем экономикасына қалай әсер етті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус әлем экономикасына қалай әсер етті?

17.04.2020
Коронавирус әлем экономикасына қалай әсер етті?

COVID-19 пандемиясы әлем экономикасына әсер етуде. Көптеген елдерде соңғы үш айдағы экономиканың құлдырауы жаңа дәуірдегі рекордтық көрсеткіштерді көрсетуде.

Әлем елдері арасында коронавирус індеті салдарынан алғашқы болып карантин жариялаған Қытай экономикасы соңғы үш айда 6,8 пайызға төмендеген. «Әлемнің екінші экономикалық державасы мұндай зардапты Мао Цзэдун кезеңінен бері көрмеген»,- дейді қаржы сарапшылары. Сондықтан Қытай экономикасының дағдарысы әлемнің әрбір тұрғынына соққы болып тиюі мүмкін.

Қазіргі таңда Қытай әлем экономикасының 17%-ын құрайтын мемлекет. Сарапшылардың айтуынша, пандемияның салдары дамыған мемлекеттерге соққы болып тисе, дамушы елдердің экономикасы үшін үлкен «қаржылық апат» әкелуі мүмкін. Өйткені дамушы елдердің қаржылық жағдайы сыртқы инвестициялық капиталға тәуелді. Наурыз айының өзінде дамушы елдерге құйылған инвестиция көлемі 80 млрд-қа азайған. Мамандар бұл көрсеткіштің 2008-2009 жылдардағы экономикалық дағдарыстың зардабынан жоғары екенін айтады.


BBC

Хабарламаларға жазылу