Жаһандық жылынудың салдарынан бұлбұлдардың қанаты қысқарып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаһандық жылынудың салдарынан бұлбұлдардың қанаты қысқарып жатыр

17.04.2020
Жаһандық жылынудың салдарынан бұлбұлдардың қанаты қысқарып жатыр

Ғаламдық жылыну бұлбұлдарға кері әсерін тигізуде. 20 жылда олардың қанатының көлемі едәуір қысқарған. Испаниялық ғалымдар осылай деп дабыл қағып отыр.

Бұлай жалғаса берсе, олардың қоныс аударуы қиындап, тіпті жойылып кетуі мүмкін. Мәселен, қыста бұлбұлдар Еуропа мен Азиядан Африкаға ұшып барады. Мұндай арақашықтықты еңсеру үшін қанаттың өлшемі маңызды рөл атқарады.

Мамандардың айтуынша, құстардың қанатының қысқаруы климаттың өзгеруімен, балапандарды өсіруге қолайлы кезеңнің қысқаруымен байланысты. 

«Соңғы жылдары Испанияға көктем кеш келеді, ал жаз құрғақ болады. Бұл құбылыстардан құстардың өсіп-өнуі, көбеюі төмендеп отыр», - дейді ғалымдар.

Яғни, жаз маусымының қысқаруынан құстардың жұмыртқа салу, басу уақыты да өзгеруде. Сондықтан балапандар толық жетілмей, қанаттары қысқаруда.

esquire.ru

Хабарламаларға жазылу