Гренландия мұз қабаты аумағы 2 миллион текше метр болатын әлемдегі ең ірі мұзды аймақтардың бірі болып табылады. Кейбір жерлерде мұздың қалыңдығы 2-3 киллометрге дейін жетеді.
Мұзды аралда 2019 жылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижесі бойынша 600 млрд тонна мұз еріген. Еріген мұз теңіз деңгейін 2,2 миллиметр көрсеткішке көтерген.
Климатолог-ғалымдар Марко Тедеско мен Ксавье Феттвейстің айтуынша, Гренландиядағы мұздың мұндай жылдам қарқынмен еруі ғаламшардың орта ауа температурасының өзгерісімен қоса, жаздың күні аймақта болған бұлтсыз аспанның әсері болуы мүмкін. 2019 жылдың жаз айларында Гренладния аспаны орта есеппен 63-92 күн ашық болған. Ал аралдағы қалыпты көрсеткіш 23 күннен аспауы керек дейді мамандар. Оған қоса, өткен жылы Гренландияның мұзды қабаты аймағына жауған қардың мөлшері де өткен жылдармен салыстырғанда 50 млрд тоннаға кем болған көрінеді.
Климат зерттеушілерінің дерегіне сүйенсек, Гренландия аралындағы мұздың еру жылдамдығы жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, мұздың 2019 жылы еру көрсеткіші 1990 жылмен салыстырғанда, 7 есеге жылдам болған.
Ғалымдардың зерттеу болжамы бойынша, егер Гренландияның мұзды қабаты толығымен еріп кетер болса, әлемдегі теңіз деңгейі 7 метрге көтеріліп кетуі мүмкін.
Дереккөз: The Cryospher