Еліміз бойынша 1500-ге жуық адам вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша 1500-ге жуық адам вирус жұқтырған

17.04.2020

Коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызында індеттің симптомдары болмаған. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай деді. Оның пайымдауынша, мұндай науқас жайбарақат өмірін жалғастырып, маңайындағы кемінде 30 адамға қауіп төндіреді.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан бөлек өңірлердегі ахуал қиындап барады. Сырттан келгендер емес, ел ішінде бір біріне жұқтырғандар да жетерлік. Қазір жалпы еліміз бойынша 1498 адам инфекция жұқтырған. 340 адам емделіп шығып, 17 адам көз жұмды.

Дәл қазір еліміз бойынша 423 медициналық қызметкер короновирустың ілмегіне іліккен. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында яғни қарттар үйінде вирус жұқтырғандардың саны күрт өсті.

Нұр-Сұлтан қаласында карантин жалғасады. Мұнда 22 нысан оқшауланып, олардың аумағы үнемі дезинфекцияланып жатыр. Бас санитар дәрігердің мәліметінше, барлық қала карантин режимінен кезең-кезең бойынша шығарылады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу