Алматыда коронавирус жұқтырған 2 келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді

17.04.2020

Алматыдан сүйінші хабар. Коронавирус жұқтырған 2 келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Алғашқысы кесір тілігі арқылы шекесі торсықтай ұл туса, екінші келіншек бүгін қызды болды. Сәбилердің жағдайы жақсы екенін айтады дәрігерлер.  

Дәрігерлермен қоса төтенше жағдай кезінде қала тіршілігін реттеуге келген Шекара қызметі академиясының курсанттарынан да коронавирус табылды. Жалпы мегаполистің стационарларында 392 адам коронавирустан ем алып жатыр. Дәрігерлер 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 4-уінің жағдайы ауыр деп бағалауда.

Қазір Алматыда дәрігер, медбике, орта және кіші қызметкерлерін қоса алғанда 3800-ге жуық медицина маманы бар. Олар төтенше жағдай енгізілгелі қауіпті індетпен күресуде. Ақ халаттыларды қаржылай қолдау мақсатында 1 млрд 134 млн теңге үстемақы төленген. Ал осы тәуекел тобына ілікпегендер де енді елеусіз қалмайтын болды. Оларға емдеу мекемелерінің жалақы қорынан қосымша қаржы қарастыру туралы шешім қабылданып жатыр.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу