Төтенше жағдай салдарынан туристік компаниялар жолдамалардың ақшасын қайтару уақытын ұзартуды сұрады. Яғни 16-наурыз бен 1-сәуірге сәйкес келген жолдамалардың ақшасын қарантин жағдайында қайтару қиындық туғызып отыр. Осы орайда біршама компаниялар жолдамаларды 2021 жылдың соңына дейін сақтауға мүмкіндік беретін «туристік сертификат» атты құжатты енгізуді ұсынды. Мақсат — қайтаруға тиісті қаражат мөлшерін жинау. Алайда, министрлік өкілдері мұндай мараторийдің енгізілмейтінін айтады.
Махамбет БЕЙБІТШІЛІК