Жапониялық Ясуеси Тибаның «Тікелей дауыс» атты туындысы «Жылдың үздік суреті» атанды. Суретте 2019 жылы Судандағы наразылық кезінде өлең оқып отырған жігіт бейнеленген.
Жалпы, WPP-ның басты сыйлығы дәстүрлі түрде жылдың ең өзекті оқиғасын немесе мәселесін бейнелей алған фотографқа ұсынылады. Биылғы байқауға 120 елдің қатысушылары атынан 5 мың сурет ұсынылған.
Үздік суреттер тізіміне Эфиопиядағы ұшақ апаты (2019 жылы 10 наурызда) кезінде түсірілген Мулугета Айененің туындысы, Алжирдегі қақтығыстар кезінде түсірілген Фарук Батиченің туындысы енген.
ввс.com