Еліміздің төтенше және өкілетті елшісі Д.Калетаев В.Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің төтенше және өкілетті елшісі Д.Калетаев В.Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды

19.04.2020

Осы аптада еліміздің төтенше және өкілетті елшісі Дархан Калетаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамотасын тапсырған, елші Нұр-Сұлттаның Киевпен сан түрлі мәселе бойынша прагматикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізген. В.Зеленский Қытайдың Украинаға коронавируспен күрес аясында жіберген гуманитарлық жүктерін жеткізудегі жан-жақты қолдауы үшін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа рақмет айтқан. Жүк біздің еліміздің аумағынан өткен. "Сонымен бірге Қазақстанның вируспен күрес бағытындағы шараларын, екі елдің бір-бірінің азаматтарын тездетіп қайтарудағы ырғақты ісін жоғары бағаладыә",- деп жазылған ресми хабарламада.


Хабарламаларға жазылу