«Үлкен жиырмалық» елдерінің Денсаулық сақтау министрлері өткізген онлайн-конференция кезінде әлемдік денсаулық сақтау жүйесі жаһандық пандемияның алдында қауқарсыз қалғанын жеткізді. Алайда бұл тығырықтан шығудың жолдары ұсынылып, алдағы уақытта вирустың алдын алу шаралары нақтыланады деп отыр.
Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Тауфик Ар-Рабияның төрағалығымен өткен онлайн жиында G20 елдерінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пандемияны жеңу үшін кез-келген мүмкіндікті жіберіп алмау керек екенін және адамдардың денсаулығы мен амандығы басты мақсат болуы тиіс екенін жеткізіп отыр.
Қазіргі таңда әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 2,4 млн-ға жуық дерек тіркелген. 165 мыңнан астам науқас індеттен көз жұмған.
Дереккөз: Saudi Gazette