Елордада жылу беру 21 сәуірде тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жылу беру 21 сәуірде тоқтатылады

20.04.2020
Елордада жылу беру 21 сәуірде тоқтатылады

Елордада жылу беру 21 сәуірде тоқтатылады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл айтты.

Биыл жылу беру маусымы 205 күнге созылды.

«Егер Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 5 тәулік бойы 10 градустан жоғары болса, жылу беру тоқтатылады. 2019 жылдың 30 қыркүйегінде басталған жылыту маусымы 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін созылады, яғни ертең жылу беру тоқтатылады», - деді ол брифингте.

Хабарламаларға жазылу