Биыл елорданың 150 көшесінде жалпы ұзындығы 100 шақырым жол жөнделеді. Елуі қаланың орталық бөлігіндегі магистраль көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жол жөндеуге 12 миллиард теңге қарастырылған. Бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ