Алматыда бүгіннен бастап 31 кәсіпорын жұмысына кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бүгіннен бастап 31 кәсіпорын жұмысына кірісті

20.04.2020

Алматыда бүгіннен бастап 31 кәсіпорын жұмысына кірісті. Яғни 5 мыңнан астам адам қызметіне қайта оралды. Дегенмен, алғашқы кезең бойынша өтініш білдірген өзге мекемелерді арнайы комиссия күнделікті тексеріп жатыр. Оларға санитарлық нормаларды сақтаса ғана, жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Егер құқық бұзушылық анықталса, компания басшысы жауапқа тартылады.

Талап бойынша мекеме қызметкерлерінің тек 50 проценті жұмысқа шығады. Дәрігерлер әр маманның дене қызуын күніне екі рет тексереді. Сонымен қатар, қорғаныс құралдары жеткілікті болуы тиіс. Жауапты мамандар 17 сәуірден бері 20-ға жуық ірі зауытқа рейд жүргізген.

Карантин кезінде жұмысын бастаған кәсіпорындардың тізімі қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Бұл компаниялар арнайы тексеруден өтіп, рұқсат алған. Айта кетейік, мегаполисте бүгінге дейін еңбекке тартылғандар саны 728 мың адамға азайды. Ал аталған кәсіпорындарды іске қосудың арқасында бір ай ішінде 90 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу