Еліміз бойынша бірқатар санаттағы тұрғындардың коммуналдық шығындары өтеледі. Көмектің көлемі — 15 мың теңге. Қазір əкімдіктер өтініштерді қабылдау үшін call орталықтар мен ақпараттық ресурстар құрып жатыр. Төтенше жағдай кезінде бекітілген төлем сəуір жəне мамыр айларына қаралған. Жəрдемақы алу тəртібі қарапайым. Тұтынушы жеке сəйкестендіру нөмірі, əлеуметтік мəртебесі мен есеп шот дерегін көрсетуі керек. Ал көмекті 1,2,3 топтағы мүгедектер, мүгедек бала тəрбиелеп отырған жəне көп балалы отбасылар алады. Сонымен қатар, екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқандар мен соған теңестірілгендерге де жәрдем беріледі. Әрі бұл жеңілдік зейнетақы көлемі аз қариялар мен атаулы əлеуметтік көмек алатын азаматтарға да қарастырылған.
Нысаналы ЫҒЫЛ