Елімізде төтенше жағдайға қарамастан, әлеуметтік маңызы бар нысандар біртіндеп жұмысқа кірісе бастады. Әсіресе экономиканының негізгі локомативі саналатын шағын және орта кәсіпкерлік нысандары штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Ал мемлекет бизнесті қолдау үшін батыл қадамдарға барып, қысылтаяң кезде кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік жасауда.
Елімізде шағын және орта бизнесті өркендету үшін 10 миллиард теңге қаражат бөлінді. Бұл дағдарыс кезінде кәсіпкерліктің дамуына үлкен демеу екенін айтады сарапшылар.
Ал жамбылдық диқандар үкіметтің қолдауының арқасында көктемгі дала жұмыстарын 90 пайызға аяқтап үлгерді. Оларға жеңілдетілген бағамен жанармай жеткізілді. Қазір 18 мың 300 тонна жанармай аймақтағы диқандарға үлестірілді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ