Қазақстандықтар коронавируспен бұған дейін ауырмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар коронавируспен бұған дейін ауырмаған

21.04.2020

Қазақстандықтар бұрын короновируспен ауырып қоюы мүмкін деген қауесет жоққа шығарылды. Мамандар жаппай экспресс тестілеудің қорытындысы бойынша осындай байлам жасап отыр. 13 сәуірден бастап елімізде жаппай тексеру басталды. Оған негізінен медицина қызметкерлері, әскерилер мен полицейлер және қыстыгүні тұмау мен өкпе қабынуына шалдыққандар шақырылған. Әлбетте коронавируспен ауырған адамдарда оған қарсы имунитет қалыптасуы керек. Алайда тест тапсырғандардың арасында қатерлі вирусты жұқтырды дегендердің үлесі аз болып шықты.

Осылайша, мамандар қыстыгүні болған тұмаудың Covid-19-ға қатысы жоқ деп отыр. Бұл қалың бұқараның ағзасы қауіпті дертке дайын еместігін көрсетеді. Алайда бұл зерттеу тағы бір нәрсені айғақтады. Кейбір науқастар коронвирусқа шалдыққанын сезбей жүре беруі де мүмкін. Сондықтан олар вирусты тасымалдаушы болуы да ғажап емес. Сол себепті дәрігерлер қатаң карантин шараларын әлі де сақтау керектігін айтады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу