Шымкентте 16 құтқарушы вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 16 құтқарушы вирус жұқтырған

21.04.2020

Шымкент қаласында дерт дендеп барады. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің екі жатақханасы госпиталь етіп жасақталуда. 590 төсек орынға лайықталған оқшаулау орныкарантин талаптарына қажетті санитайзер, тепловизер, кварц құралдарымен жабдықталып жатыр. Жатақханалардың өз асханасы бар. Әр секторға жеке жуыну бөлмелері мен әжетханалар қарастырылған. Госпитальға Шымкентке вахталық жұмысқа келгендер мен қала қонақтары жатқызылады. Карантиндік орталыққа Қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты екі емхананың медициналық құрамы қызмет көрсетеді. Қос ғимараттың тұтас аумағы санитарлық тазартудан өтті. Госпитальдар ертеңнен бастап жұмысқа кіріседі.

Ал бүгін індетке қарсы күрес жұмыстарына тартылған төтенше жағдай қызметіндегі 16 құтқарушының дерт жұқтырғаны анықталды. Құтқарушылар індетті науқастардан жұқтырған.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу