Карантиндік шектеу шаралары көктемгі егіс жұмыстарына кедергі болмауы тиіс. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысында болып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Техниканың үздіксіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұқымды, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді жеткізу үшін облыста арнайы «жасыл дәліз» ұйымдастырылған. Блок бекеттерден өту үшін өтінім беру электронды түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде жұмысшыларды жеткізу мәселелері шешілуде. Биыл аймақта 4,9 миллион гектарға жуық алқапқа егін егілмек. Оның 77 пайызы — бидай. Майлы дақылдар себілетін аумақ ұлғайған.
Ермек ЕЛБЕРГЕН