Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан 100-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан 100-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды

21.04.2020

Алматыда азық-түліктің бағасын негізсіз қымбаттатқан 100-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 78-іне 10,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазір әкімдік өкілдері мен тәртіп сақшыларынан құралған мобильді топтар азық-түлік дүкендерін аралап жүр. Өйткені негізгі тауарларға шекті баға бекітілсе де оған құлақ аспағандар көп. Қазір қаланың барлық ауданында мамандар азық-түлік бағасын аспандатқан кәсіпкерлерге қатаң шара қолданып жатыр. Мәселен, мобильді топ бүгінге дейін тек Медеу ауданында 80-нен астам дүкенді аралаған.

 Сонымен қатар, 103 түрлі дәрі-дәрмектің бағасын қымбаттатқандар да жазаға тартылды. Мобильді топ бүгінге дейін 130-дан астам дәріханаға да тексеру жүргізіп, олардың үшейіне 405 мыңнан астам айыппұл салды.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу