Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды

22.04.2020
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Кеше Үкімет қаулысымен Камалжан Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына Надыровты тағайындау жоспарланған еді. Алайда кешке Надыровқа коронавирус инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты», - деп жазды министр.

Соған байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды.

Сонымен қатар министр Алматыдағы COVID-19 қатысты жағдай мемлекет және қала басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу