Жаңа көліктерді енді онлайн тіркеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа көліктерді енді онлайн тіркеуге болады

22.04.2020
Жаңа көліктерді енді онлайн тіркеуге болады

Электронды үкімет порталында дилерден сатып алған көлікті тіркеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды.

Ол үшін еgov.kz сайтындағы «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен «Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеу» деген айдарға өтіп, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет. «Шанақ нөмірін» енгізіп, ұсынылған деректерді толтыру керек. Сондай-ақ қажетті құжаттарды тіркеп, сұранымда көлікті сатып алушының ЖСН-ін енгізу қажет. ЭЦҚ арқылы қол қоя отырып, сатып алушыға растауға жіберу керек.

Әрі қарай сатып алушы «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне өтіп, жеке кабинетіндегі рәсімделген сұраныммен танысуы тиіс. Артынша көлігіне нөмір таңдап, мемлекеттік баж салығы мен тіркеу жарнасын төлейді де, ЭЦҚ арқылы сұранымды растайды. Сатып алушы дайын құжаттарды өзі тұратын өңірдегі мамандандырылған ХҚКО-дан алып кете алады.

Толық ақпарат: 1414.

Хабарламаларға жазылу