Криминалдық полиция басқармасының басшысы Ж.Зиадин қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криминалдық полиция басқармасының басшысы Ж.Зиадин қызметінен босатылды

22.04.2020

Той тойлаймыз деп темір торға қамалды. Алматыда төтенше жағдай кезінде блок бекеттен қымбат көліктерімен өткен 5 адам ұсталды. Кортежге қатысқан тағы екеуіне іздеу жарияланды. Ал осы жағдайдан кейін Алматы қаласының Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды. Тәртіп бұзушылыққа жол беріп, оларға тосқауыл болмаған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. Қымбат 4 автомобиль айып тұрағына қойылды.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу