Ресейден шыққан қазақстандық 222 студент бүгін Ақтөбе облысына келді. Оларды шекарадан жергілікті билік өкілдері мен дәрігерлер күтіп алды. Көбі Мәскеу, Санкт –Петербург, Қазан қалаларында оқып жүрген жастар. Алтауы ақтөбелік, қалғаны еліміздің өзге өңірлерінен. Барлығы осында тексерістен өтеді, егер ауру белгілері анықталмаса, арнайы көліктер ұйымдастырылып, үйлеріне жіберіледі.
Жақсыбек КЕМАЛ