Коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге 15 мың теңге беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге 15 мың теңге беріледі

22.04.2020

Мемлекет басшысының пәрменімен коммуналдық қызметтердің ақысы біршама арзандады. Сондай-ақ қысылтаяң кезеңде карантинге жабылған өңірлердің тұрғындарына сәуір мен мамыр айларына коммуналдық төлем жасауға 15 мың теңгеден қосымша жәрдемақы берілетін болды. Бүгінде әр аймақта көмекке мұқтаж адамдардың қатары айқындалып, саны нақтылануда.  

Алматы облысында 250 мыңға жуық азамат мемлекет есебінен коммуналдық шығындарын жабуға жәрдемақы алатын болды. Ал Көкшетауда сәуір айынан бастап коммуналдық қызмет түрлерінің тарифі төмендеді. Мәселен, жылу мен судың, электр энергиясының бағасы орта есеппен 10 пайызға арзандады.

Қатаң карантин режимі енгізілген Сыр өңірі тұрғындары үшін де коммуналдық төлемге берілетін жәрдемақы айтарлықтай көмек болғалы тұр. Себебі, аймақта кіріс көзінен айырылған 200 мыңға жуық адам 42500 теңгені демеу тұтып отыр. Сондықтан осындай сын сағатта мемлекет басшысының қолдауы мен қамқорлығы көпке қолдау.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысында да коммуналдық қызметтер тарифі 5 пайызға арзандады.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу