42 500 теңгені Түркістан облысында 390 мыңға жуық азамат алып үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 500 теңгені Түркістан облысында 390 мыңға жуық азамат алып үлгерді

22.04.2020

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайға қатысты қабылдаған шешімдері миллиондаған адамды тығырықтан алып шықты. Табысынан айрылғандарға ай сайын 42 500 теңге төлене бастады. Халық банктен, түрлі қаржылық ұйымдардан алған несиесін үш айға шегере тұруға мүмкіндік алды. Президент кәсіпкерлерді салықтан босатып қана қоймай, негізгі қарызы мен сыйақыларын өсірмеуді тапсырды.

Короновирус кесірінен жұмыссыз қалған азаматтарға арналған 42500 теңгені Түркістан облысында 390 мыңға жуық азамат алып үлгерді. Ал БҚО-да 116 мыңнан аса адам 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге ие болды.

Президент пәрменімен әлеуметтік медициналықсақтандыру жүйесі өзгерді. Төтенше жағдай кезеңінде барлық қазақстандықтар «шартты» түрде сақтандырылған болып саналады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу