Елдегі еріктілер қарияларға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі еріктілер қарияларға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратуда

22.04.2020

Қарағандылық волонтерлар қарияларға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратуда. Бұл игі шара күнделікті жүргізілуде. Азық-түлік сатып алуға қайырымды жандар қаржылай көмектескен. Бұған қоса, волонтерлар мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек пен гигиеналық заттарды да тегін таратуда. Айта кету керек, Қарағанды қаласының өзінде волонтерларға көлікпен қолдау көрсетіп жүрген 40 ерікті азамат бар. Олар азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуге, басқа да қайырымдылық жұмыстарға атсалысуда. 

Ал Атырау облысында шаруалар қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге көмек қолын созды. Бүгін олар, денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек етіп жатқан ақ халаттылар мен пациенттерді ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамассыз етті. Игі іс өңірдегі фермерлер одағының мұрындық болуымен жүзеге асты. Бұл бастамаға қырдағы шопандар да бей-жай қарамай үлес қосқан. Дәрігерлерге, 500 келіге жуық қой еті мен 175 литр шұбат, қаймақ, 1 тоннадан астам бау-бақша өнімдері таратылды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу