Карантин кезінде Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі қазақ тілін үйренуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин кезінде Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі қазақ тілін үйренуде

22.04.2020

Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі карантин кезіндегі бос уақытын тиімді пайдаланып, қазақ тілін үйреніп жүр.

Елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бұл видеодан Уильям Мозердің апта күндері мен ай аттарын жаттап отырғанын байқауға болады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ол сабақты қазір онлайн оқып жүр. Тілді жүйелі үйрену үшін сабақтардың алдын ала кестесі жасалған және елші мырза осы уақытқа дейін бірде бір сабақты жібермеген.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу