Қасиетті Рамазан айы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасиетті Рамазан айы басталды

24.04.2020
Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды.

Ораза 24 сәуірден 23 мамырға дейін жалғасады. Ал мың айдан да қайырлы Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр.

Биыл Рамазан айында коронавирустың таралуының алдын алу үшін тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес берілді. Сонымен қатар, мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылды.

Биыл пітір садақаның мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Төтенше жағдайға байланысты пітір садақа мен зекетті онлайн аударуға болады.

Бүгіннен бастап Ұлттық арнадан «Ораза қабыл болсын!» арнайы хабары эфирге шығады. Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының ресми өкілдері мен дін саласының мамандары бір ай бойы, күн сайын 21:00-де Ораза айын өткізу тәртібіне қатысты қазақстандықтардың сауалына жауап береді.


Хабарламаларға жазылу