Бүгін Елордада коронавирустан Ресей азаматы қайтыс болды. 1954 жылы туған әйел ауруханаға 15 сәуірде жедел жәрдеммен жеткізілген. Тексеру барысында коронавирустық инфекция анықталып, бірден жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда, екіжақты полисегментарлы пневмониясы мен өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, оған қоса, қант диабеті болғандықтан дертті жеңе алмаған.
Амангелді СЕЙІТХАН