Таразда карантинде отырған алты жасар балаға полиция қызметкерлері ерекше тарту жасады. Үйде отырған кішкентай Димашты тәртіп сақшылары туған күнімен құттықтады.
Димаш өз туған күнінде балабақшадағы достарымен кездестіруді өтініп, тәртіп сақшыларына хабарласқан. Алайда, балдырғанның бұл тілегін орындай алмаған полиция қызметкерлері оған тосын сый жасауды ұйғарыпты. Жалпы, Димаштың полиция қызметкерлерімен достығы бір жыл бұрын басталған. Баланың анасы Facebook-тағы парақшасына бүлдіршіннің полиция сиренасынан қатты қорқатынын, тәртіп сақшыларын көрсе тығылып қалатынын жазған. Осыны ескерген полиция батальоны балабақшаға барып, қылмыскерлермен күресудың қыр-сырын айтып, балалардың тілін табуға тырысқан.
Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Әлем» сферасының медиа қасбетінде «Медицина қызметерлері, рақмет сіздерге!» деген жазу пайда болды. Алдыңғы шепте жүрген жандарға алғыс айтқан мұндай акциялар жер- жерде қолдау тауып жатыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ