Ел экономикасы алдағы 2-3 жылда тұрақты даму жолына түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел экономикасы алдағы 2-3 жылда тұрақты даму жолына түседі

27.06.2018

Қазақстан экономикасы алдағы екі, ары кетсе үш жыл ішінде дағдарыстан толық айығып, тұрақты даму жолына түседі. Мұндай сенімді болжамды Дүниежүзілік банктің Таяу шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Марк Хортон айтты. Баспасөз мәслихаты кезінде экономиканың сан саласындағы ахуалдың оң өсім көрсеткені айтылды. Жыл соңында ішкі жалпы өнім 4-4,5 пайыз өсім көрсетеді деген болжам бар. «Ал, инфляция 6 пайыздан төмен болады», - дейді Вашингтоннан келген сарапшы. Жалпы, елде қолға алынған «7-20-25», «Бір белдеу - бір жол» секілді бағдарламалар экономикаға оң әсер еткен. Ал, мұнай бағасы өссе де, күн сайын әлсіреп тұрған теңге бағамына қатысты Марк Хортон былай деді. 

Марк Хортон, Дүниежүзілік банктің Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары:

- Федералдық резервтің пайыздық үстемені көтеруі дамушы елдердің экономикасына кері әсер етіп, капиталдың сол елдерден кетуіне алып келді. Аргентина, Түркия елдеріндегі ахуал осының айғағы. Қазақстанға да өз әсерін тигізіп жатыр. Міне, осындай факторлар теңгенің әлсіреуіне түрткі болуы мүмкін деп ойлаймын.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу