Төтенше жағдай басталғалы қандай әлеуметтік көмек түрлері қолға алынды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай басталғалы қандай әлеуметтік көмек түрлері қолға алынды?

26.04.2020

Нұр-Сұлтандағы 13 тәулікте салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының ашылуына барғанда Президент Қ.Тоқаев «...өкінішке қарай, Алматыдағы дәрігерлерімізді індеттен қорғай алмадық», деген.Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін реформалау мәселесіне тоқталды.

Шын мәнінде, соңғы жылдары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін дамытуға және оны қолдауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Әрине, оның белгілі бір себептері бар. Оны сіздер жақсы білесіздер. Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын қайта қалыптастырып жатырмыз. Қажетті реформалар жүргізіледі. Атап айтқанда, Бас санитарлық дәрігердің өкілеттігі күшейтіледі, деді.

Ал көпшіліктің алаң көңіліне байланысты: – Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі баяндаймын, – деді.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу