Шымкентте 1 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 1 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды

27.04.2020

Бүгіннен бастап тұрғындарға аулалары мен саяжай аумақтарына ғана шығуға рұқсат берілді. Бір қадам артық басуға болмайды. Сондай-ақ тағы бірқатар кәсіпорындар жұмысын қайта жалғастырмақ.

Өңір бойынша бүгіннен, ал Шымкентте 1-ші мамырдан бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жанданады. Олар санитарлық шараларды сақтай отырып іске кірісуге міндетті. Сонымен өнеркәсіптік мекемелер, құрылыс және жол құрылысы салалары компаниялары мен ірі құрылыс дүкендері ашылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік және көлікке қызмет көрсету ұйымдарына да рұқсат беріліп, банктер мен қаржы секторы жұмыс істейді. Бұл бағыттар бойынша алғаш Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс басталған еді. Енді қос қала 2-ші кезеңге өтті. Алдымен Елордаға тоқталсақ. Қаржы және сақтандыру секторы, электрлік тұрмыстық техника мен саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендерге сауда жасауға кедергі жоқ. Ал Алматыда жоғарыда аталғандармен қатар дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ бүгіннен бастап үйлерінде жіпсіз байланған халық тысқа шығып кең тыныстай алады. Тек аула мен саяжайларынан бір қадам ұзамауы керек. Әр облыстағы штабқа сол жағын қатаң қадағалап, сақтық шараларын күшейтуге тапсырма берілді.

Сондай ақ жиында шетелде қалған отандастарымызды қайтару жайы да сөз болды. ХҚКО жұмысының жаңа форматын қарастыруы мәселесі пысықталды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу