Шарбақты ауданына қарасты Орловка ауылында полициясы мен дәрігері жоқ блок бекет жұмыс істеп тұр. Бекет жеке меншікке тиесілі. Яғни, Жаупкершілігі шектеулі серіктестік ауылға кіріп-шыққан көліктерді тексеру мақсатында қойған. Бірақ құқығымызды таптады деген кейбір тұрғындар бұған наразы.
Бұл блок бекет күндіз-түні жұмыс істейді екен. Бірақ бұнда полицияда, дәрігерде жоқ. Ал қорғаныш костюмін киген мына азаматтар карантин жағдайындағы іс-әрекеттер алгоритімінен хабарсыз.
Эпидемиомологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрылған бұл блок бекет карантин аяқталғанша жұмыс істейді. Азаматтардың құқығы бұзылмауын аудан әкімшілігі бақылауға алды.
Біздің түсіру тобымыз келіп кеткеннен кейін Орловка ауылындағы блок постқа арнайы тепловизормен дәрігер қойылғаны белгілі болды
Болат АМАНБАЕВ