Шамалғанда пойыз бен автобустың соқтығысуына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Аталған бекетте кезекші болып жұмыс істейтін Ахмеджановты жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтырты деп 3 жыл 6 айға шартты түрде соттады. Сонымен қатар жәбiрленушiлер Жәнібекова, Әубәкір және Жарылғасоваларға «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан және «Қаскелең» автобус паркi моральдық залалдарын өтеп беретiн болды. Шамалған станциясында рельстің үстінде тұрып қалған жолаушылар автобусымен жолаушылар пойызы соқтығысқан едi. Салдарынан автобус жүргізушісі сол жерде мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлiмiнен түскен еді.
Сәуле АЛДАМҰРАТ