Курил аралдарында Эбеко жанартауы оянып, Северо-Курильск қаласын күл басты
Ауа райы бұлтты болғандықтан, жанартау шашқан күлдің биіктігін есептеу мүмкін болмаған.
Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, қалаға 3 минут бойы күл жауған. Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнежазбалар әлеуметтік желіге тарады.
Жалпы, Эбеко Парамушир аралының солтүстік бөлігінде орналасқан. Биіктігі - 1156 метр.
interfax-russia.ru